Роджер Федерер және оның командасы Астанаға келеді
2-4 ақпан аралығында Астананың ұлттық теннис орталығында Қазақстан мен Швейцария (ерлер) арасында Дэвис кубогы әлемдік топтың 1/8-ші финалының 1-ші раунд ойындары өтеді, деп хабарлайды prosports.kz ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.
Естеріңізге салайық, б<span>ұл турнирде Қазақстан 1995 жылдан бері ойнап келеді. Әлемдік топқа бірінші рет 2010 жылы шықса, 2011, 2013, 2014, 2015 жылдары ширек финалда өнер көрсеткен. </span>Ал өткен жылдың қыркүйек айында ұлттық құрамамыз Аргентина командасын тізе бүктіріп, әлемнің үздік 16 командалар қатарына қайта енген болатын.
Айта кететін жайт, аталмыш ойынға құрама тізімі 22 қаңтар күні жарияланады.
1-ші раунд 1/8 финал Дэвис Кубогының әлемдік тобы.
Қазақстан – Швейцария
02 ақпан
Ойындардың басталуы: 12:00
03 ақпан
Ойындардың басталуы: 14:00
04 ақпан
Ойындардың басталуы: 14:00