Теннис

Australian Open-2018 турнирінің жарыс жолында жалғыз жерлесіміз қалды

Australian Open-2018 турнирінің жарыс жолында жалғыз жерлесіміз қалды
news-banner7
mobile-news-top

15-28 қаңтар аралығында өтетін Австралияның ашық чемпионатына қатысатын төрт қазақстандық теннисшінің жарыс жолында біреуі ғана қалды. Енді қазақстандық жанкүйерлер жалғыз Юлия Путинцеваның жолына қарайтын болады.

Әлемнің 50-інші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 74-інші орында тұрған Ұлыбритания елінің өкілі Хитер Уотсонды жеңді. Кездесудегі есеп 7:5, 7:6. Ойын екі сағат 18 минутқа созылды. Юлия Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы румыниялық теннисші Анна Богдан болмақ

Ал әлемнің 60-ыншы ракеткасы Зарина Дияс бірінші айналымда рейтингте 37-інші сатыда тұрған румыниялық Сорана Кырстядан ұтылып қалды. Есеп 7:5, 6:4, 6:3.

Ерлер арасындағы жарыста бақ сынаған әлемнің 68-інші ракеткасы Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте өзінен үш саты жоғары тұрған германиялық Петер Гоевчикке есе жіберіп алды. Ойын нәтижесі: 3:6, 3:6, 1:6.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик іріктеу жарысында жеңіліс тауып, негізгі турнирге өте алмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер