Қытайлық қазақ боксшы IBF турнирінде жеңіске жетті
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Қытайда туып өскен 19 жастағы кәсіпқой боксшысы Бекзат Социалханұлы (1-1-2, 1КО) Халықаралық бокс федерациясы өңіраралық ұйымының (IBF B&R) Жібек жолы чемпионат туры (IBF Silk Road Championship Tournament) Қытайдағы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> «Қытай халық газеті» ақпараттық сайтының хабарлауынша, айтулы доданың Қытайдағы кезеңі Сюйчжоу қаласында өтті. Орта салмақта жұдырықтасатын Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездесті. Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> Осылайша, Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесіне жолдама алды. Қандасымыз чемпионаттың ақтық белдесуінде IBF B&R титулы үшін айқасады. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Айта кетейік, Бекзат Социалханұлы Шыңжанның Тарбағатай аймағында туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайдағы IBF турында бастап, жалпы саны 4 кездесу өткізді. </span>