Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегінің жеңімпазымен шаршы алаңға кім шығады?

Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегінің жеңімпазымен шаршы алаңға кім шығады?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен спарринг өткізген америкалық боксшы Уго Сентено (26-1, 14 КО) қос мықтының арасында өткен жекпе-жекте кімнің басым болатыны жайлы айтты. 

<span>"Бұл ашық ұрыс болды. Бірақ, менің ойымша,  Головкин басым болды. Мен екеуімен де шаршы алаңда жаттығу өткіздім, олар тура мен айтқандай нәтиже көрсетті. Головкин екінші жекпе-жекке дейін қартайып кетпесі анық, алайда олай болатын болса, бұл "Канело" үшін жақсы мүмкіндік. Ол жас, әрі өте тәжірибелі жігіт, сондай-ақ ол қазақстандық қарсыласынан не күтерін біледі. Бұрындары мен кімнің жеңімпаз болатыны туралы нақты айта алмаған болсам, бүгінде толық сеніммен айта аламын. Бірінші жекпе-жекте сөзсіз Головкин жеңіске жетті, ал екіншісінде Альварес басым болатынына сенімдімін", - деді Сентено BoxingScene.com порталына берген сұхбатында.  </span>

<span>Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Сентеноға орта салмақта "уақытша" чемпион атағына таласу үшін қарсылас тағайындады. Ол шаршы алаңда өз отандасы WBС рейтингінде бірінші нөмірлі Джермалл Чарломен (26-0, 20 КО) жұдырықтасады.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или