Спортшылар мен бапкерлер допингке қарсы заң жобасының өзгерістерімен танысты
Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде «Допингке қарсы заң жобасының өгерістері» атты семинар өтті.
Семинарды ҚР жеңіл атлетика федерациясының Ғылыми-техникалық орталығы ұйымдастырды. Оған 50-ден астам тыңдаушы қатысты. Олардың арасында ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров, аға бапкерлер –Любовь Никитенко, Виктор Евсюков, Артем Жигалов және облыстық федерациялардың жаттықтырушылары болды.Допингке қарсы заң жобасына енгізілген өзгерістерді бапкерлер мен спортшыларға Шығыс Қазақстан облыстық «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ директорыАлександр Лущаев пен ҒТО жетекшісі Александр Кругликов түсіндіріп айтып берді.<span class="hcc hc__ht hc_00c2c2c200000000000000000000" style="box-sizing: content-box; margin: 6px 0px 0px 5px; padding: 0px; float: none; text-align: left; font-family: Helvetica, Arial, sans-serif; left: auto; right: auto; top: auto; bottom: auto; border: 0px none; border-radius: 0px; vertical-align: baseline; line-height: 1.167em; outline: 0px; box-shadow: none; text-shadow: none; min-height: 0px; cursor: pointer; background: 0px 0px;" data-hc-id="00c2c2c200000000000000000000"><span class="hcc hc__htcount" style="box-sizing: content-box; margin: 0px; padding: 0px; float: none; left: 13px; right: auto; top: auto; bottom: 2px; border: 0px none; border-radius: 0px; vertical-align: baseline; line-height: 1.167em; outline: 0px; box-shadow: none; text-shadow: none; min-height: 0px; background: 0px 0px;">+</span></span>
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) жақында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген препараттардың тізімін жариялаған болатын.Тыйым салынғандар тізімінің ресми мәтінін WADA бекітеді және ағылшын, француз тілдерінде жариялады. Ағылшын және француз тіліндегі болжамдарында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын болжамы басым болады. Кез келген препаратты қолдану медициналық көрсетулермен шектелуі тиіс.