Чехиялық ядро лақтырушы атлет төрешіні өлтіріп алды
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Прагада жеңіл атлет ядроны сәтсіз лақтырып, төрешінің кеудесіне дәл тигізген. Ауыр соққыдан ер адам сол жерде жан тапсырған, деп жазады m.tvzvezda.ru жергілікті Aktualne басылымына сілтемемен.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> Төреші Прагада өтіп жатқан сайысқа төрелік етіп жүрген. Кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан ол жұмыс орнында тіл тартпай кеткен. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Атлет қисық лақтырған ядроның салмағы 6 келі болған. Ол ядроны жылдамдығын үдетіп барып жіберіп қалғанда оқыстан жақын маңда тұрған төрешіні сұлатып түсірген.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Спорттық жарыста қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері ер адамды аман алып қалу үшін барын салып көмек көрсеткенмен, ажалға араша бола алмады. </span>