Станислас Вавринка кортқа қайта оралды
2014 жылғы Ашық Аустралия біріншілігінің жеңімпазы швейцариялық Стэн Вавринка кортқа оралмақ, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz Australian Open жарысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Тізе жарақатына байланысты жарты жыл демалыста болған теннисші осы маусымдағы бірінші «Үлкен дулыға» турнирі жайлы пікірімен бөлісті.
«Мен Мельбурнға келдім, көңіл-күйім жақсы. 6 ай артта қалды. Бұрынға қалпыңа қайта келу өте қиын. Алайда, өзімді жақсы сезінудемін. Ақырындап бабыма келе жатырмын», - деді теннисші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или