Кларесса Шилдс әлем чемпионы атағын қорғап қалды
<span>Бүгін таңертең Нью-Йоркте өткен кездесуде АҚШ елінің боксшы қызы Кларесса Шилдс отандасы Тори Нельсонды жеңіп, екінші орта салмақта WBC және IBF тұжырымдарының әлем чемпионы атағын қорғап қалды.</span>
<span>Әуесқой бокста екі дүркін Олимпиада, екі мәрте әлем чемпионы Кларесса кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы өткізген болатын. Содан бері төрт кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен.</span>
<span>Жекпе-жек жоспарланған он раунт бойы жалғасты. Кездесу соңында төрешілердің шешімімен 22 жастағы Шилдс 41 жастағы қарсыласын жеңді. Төрешілер шешімі: 100: 90, 100: 90, 100: 90. Бұл оның бесінші жеңісі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или