Дмитрий Рейхерд АҚШ төрінде күміс иеленді

Дмитрий Рейхерд АҚШ төрінде күміс иеленді

Қазақстандық могулшы Дмитрий Рейхерд Дир-Вэллиде (АҚШ) қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Өскемендік фристайлшы іріктеу кезеңнен сүрінбей өтіп, супер финалға жолдама алған. Ал ақтық сайыста тағы сол канадалық Майкл Кингсбериға есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Үздік үштікті аустарлиялық Мэт Грахам түйіндеді. Бір қызығы дәл осы үштік Тайву, Калгари қаласындағы кезеңдерде де жүлделі орыннан көрінген болатын.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жерлесіміз Финляндия, Қытай, Канада төрінде өткен әлем кубогының кезеңіндерінде күміс медаль иеленген.

Фристайл. FIS Әлем кубогының кезеңі. АҚШ. Могул. Ерлер.

  1. Михаэль Кингсбери (Канада) 88.80
  2. Дмитрий Рейхард (Қазақстан) 86.33
  3. Мэт Грэхэм (Аустралия) 82.37
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или