Австралия чемпионатындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Австралия чемпионатындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

15-28 қаңтар аралығында өтетін Австралияның ашық чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

<span>Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-інші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 74-інші орында тұрған Ұлыбритания елінің өкілі Хитер Уотсонмен күш сынасады. Ал әлемнің 60-ыншы ракеткасы Зарина Диясқа мықтылау қарсылас түсті. Ол бірінші айналымда рейтингте 37-інші сатыда тұрған румыниялық Сорана Кырстямен шеберлік байқасады. Биыл 28-ге толатын Сорана - тәжірибелі спортшы. Кімнің күшті екендігін, әрине, корт көрсетеді, ол рейтингке де қарамайды. Мысалы, осы Австралиядағы Хобарт турнирінде С.Кырстя 8 қаңтар күні рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған Х.Уотсоннан жеңіліп қалған болатын. Ал Х.Уотсон осы жарыстың жартылай финалына шығып отыр.</span>

<span>Ерлер арасындағы Австралия чемпионатында Қазақстанның жалғыз үміті, әлемнің 68-інші ракеткасы Михаил Кукушкин бірінші бәсекесін әлемдік рейтингте өзінен үш саты жоғары тұрған германиялық Петер Гоевчикпен өткізеді.</span>

<span>Еске сала кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик бүгін іріктеу жарысында жеңіліс тауып, негізгі турнирге өте алмады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или