Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 2017 жылы кәсіпқой бокстағы үздіктерді анықтады.
Жылдың ең үздік боксшы атағын қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) еншіледі. Былтыр ол екі жекпе-жек өткізген болатын. Алдымен наурызда америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңді. Кейін қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасып, тең түскен болатын. Осылайша ол орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.
«WBC чемпионы екі рет өзінің белбеулерін сақтап қалды. Ол P4P-рейтингіде бірінші орында», - деп жазды ұйымдастырушылар твиттер парақшасында.
Сондай-ақ, 16 қыркүйекте өткен Головкин – Альварес кездесуі «Жылдың үздік жекпе-жегі» номинациясына ілікті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или