Қазақстандық 9 боксшы әлемнің үздік 100-дігіне енді
Қазақстандық 9 кәсіпқой боксшы Халықаралық бокс ұйымының(IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтингінің алғашқы 100-дігіне енді.
<span>Жаңа рейтингіде жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов 12 саты жоғарлап 40 - сатыдан көрінсе, бірінші жартылай орта салмақта Батыржан Жүкембаев 18 саты жоғары жылжып 48 - орынға көтерілді.</span>
<span>Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев(32), жеңіл салмақта Жанат Жақиянов(17) орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтановтар(89) өз орындарын сақтап қалды.</span>
<span>Бірінші орта салмақта Қанат Ислам мен бірінші жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев 1 сатыға алға жылжыды. Сөйтіп, Қанат 6 - орыннан, Бекман 50 - орыннан көрінді. Ал жартылай орта салмақтағы боксшы Жанқош Тұраров58 (-1) пен Айдар Шарибаев98(-3) сәл төмен жылжыды.</span>