Геннадий Головкин «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атанды

Геннадий Головкин «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атанды

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Today.kz.

Боксшы 15 қаңтарда марапатты алуға келеді. Сол күні құрметті азаматқа берілетін куәлікті тапсыру рәсімі өтеді. Салтанатты шара Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде өтеді. Құрмет белгісін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзі арнайы табыстайтын болады.

Головкинге осы атақты беру шешімі 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті XIII сессиясында мақұлданған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или