Қазақ боксшысы Қытайдың «Бокс королі» атанды
Жыл сайын ұйымдастырылатын Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасының қорытындысында қазақ боксшы үздік шығып отыр.

6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқанұлы осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алды.

People Daily порталының хабарлауынша, оның бұл жолғы қарсыласы бокстан 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері, сонымен қатар осы турнирдің екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атағының иегері екен.

Ал Тоқтарбек Таңатқанұы бұған дейін дәл осы Уын Инхаңнан жеңіліп ел чемпионатында күміс медал алған болатын.

Бұл жолғы 8 раундқа созылған айқаста төрешілер 2:1 деген есеппен Тоқтарбек Таңатқанұлын жеңімпаз деп танып, 2017 жылғы бокстан Қытайдағы «бокс королі» атағын берген.