Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Станислав Калицкийдің келесі қарсыласы белгілі болды. 20 жастағы отандасымыз белоруссиялық Илья Реуцкиймен қолғап түйістіретін болады.

Бұл жекпе-жек 10 ақпанда Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Ресейлік «RCC Boxing Promotions» компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтетін кездесу 6 раунтқа жоспарланған. Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

24 жастағы белоруссиялық боксшы қазақстандыққа қарағанда әлдеқайда тәжірибелі. Осы күнге дейін 26 кездесу өткізіп 9 мәрте жеңіске жетіп, 16 рет жеңіліп қалған. Ал Калицкий өзі өткізген үш кездесуінің барлығында жеңіске жеткен.

Станислав Калицкий кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін әуесқойлар арасында да сәтті өнер көрсеткен. Станислав жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы және екі мәрте жүлдегері. Еуразиялық ойындардың жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или