Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Абу-Дабиден төрт медальмен оралды
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">БАӘ, Абу-Дабиде 2018 жылғы FBMA Trophy - мәнерлеп сырғанаудан бірнші әлем чемпионаты аяқталды. Біздің спортшылар жарыстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль әкелді, деп жазады «SPORTINFORM» САА.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> Астаналық мәнерлеп сырғанаушы Никита Манько қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 139,30 ұпаймен жасөспірімдер арасында ең үздік атанды.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> Қазақстан Чемпионы Алана Тоқтарова қос бағдарламадан 117,97 ұпай жинап екінші орынға табан тіреді. Айза Мамбекова 121,5 ұпаймен қолаға қол жеткізсе, «Advanced Novice» категориясы бойынша былтыр Нью-Йорктегі жарыста көзге түскен ақтөбелік Дарья Вдовина үшінші орын иеленді. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Біздің спортшыларды алдыда 22 қаңтар күні Қытайдың Тайбэйінде өтетін «Төрт құрлық чемпионаты» күтіп тұр. Одан кейінгі сапар Олимпиадамен жалғаспақ.</span>