Корея Республикасы мен КХДР арасында келіссөздер басталды
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;">Сейсенбі күні таңертең Пхамунджом шекара бекетінде Корея Республикасы мен КХДР арасындағы қатынастарды қалыптастыру мақсатында өткен диалогтың бірінші раунды аяқталды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;">Хабарламада айтылғандай, кореяаралық келіссөздердің басты тақырыбы Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға қадам жасау, оның ішінде КХДР спортшыларын Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиадаға қатыстыру болды.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; font-variant-ligatures: normal; orphans: 2; widows: 2;"> Қос тараптың келісөздер тобына бес-бес адамнан кіреді. Корея Республикасының делегациясын бірігу министрі Чо Мён Гён бастап келсе, КХДР жағына Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон басшылық етеді.</span>