11 жылға сотталған америкалық GGG айқасқа шақырды
Америкалық орта салмақтағы боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Девон Александердың ағасы Вон Александер (11-0, 8 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) айқасқысы келеді деп хабарлайды отандық басылымдар.
2004 жылы Вон <span>жақсы проспект саналған. Алайда, қарулы шабуыл үшін абақтыға қамалып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. </span>2015 жылы боксшы мансабын қайта бастап, алты жеңісті кездесу өткізген.
«Осы уақыт бойы мен оралатынымды білдім. Енді мен уақытмыды бос жібергім келмейді. Залда жаттығып, кезекті жекпе-жегімді күтудемін. Менің жоспарым – әлем чемпионы атану. Сол себепті Головкинмен, Чарломен жұдырықтасқым келеді... Мен ашпын. Мен боксты сағындым», — деді Вон Prodigy of Boxing Talk басылымына берген сұхбатында. <br /><br />
Дереккөз: sports.kz