Сағадат Рақманқұлов ақпанда жекпе-жек өткізеді

Сағадат Рақманқұлов ақпанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рақманқұлов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 16 ақпан күні АҚШ-та өткізетін болды.

24 жастағы боксшының айтуынша, жекпе-жек Невада штатындағы Рено қаласында өтеді. Отандасымыз қай салмақта және оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, Рақманқұлов былтыр күзде Окснард қаласына (Калифорния штаты) барып, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уалиханов секілді боксшылармен бірге жаттығу жұмыстарын өткізді.

Әуесқой бокста Сағадат 69 келі салмақта өнер көрсетті. Ол 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2014 жылы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

kaz.vesti.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или