Головкин-Альварес жекпе-жегінің суреттерін үздік деп танылды

Головкин-Альварес жекпе-жегінің суреттерін үздік деп танылды

HBO телеарнасының фотографы Эд Малхолланд 2017 жылғы бокс әлеміндегі ең үздік фотоларды жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында болған жекпе-жектің фотоларын үздік деп таңдаған екен.

«2017 жылғы 4 үздік суретім, ол GGG мен «Канело» жекпе-жегінде түсірген суреттерім. Маған бұл жекпе-жекті түсірген ұнады, Лас-Вегастаға атмосфера өте жақсы. Реваншты асыға күтемін», - деп жазды ол твиттер парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Las Vegas Review Journal журналы Головкин — Альварес жекпе-жегінің бір суретін 2017 жылғы Лас-Вегаста өткен спорт оқиғаларының ең үздік фотосы деп таныған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или