Қысқы

Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңінде топ жарды

Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінде ерлер арасындағы масс старт бәсекесіндегі 15 шақырымға классикалық жүгіру жарысында қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин жеңімпаз атанды.

Өзіне үйреншікті сайыста жерлесіміз Алексей Полторанин мықтылығын дәлелдеді. Шабысына шаң ілеспес шаңғышымыз әлем чемпионы және Олимпиада чемпиондары Алекс Хравей, Дарьо Колонья сынды мықты спортшыларды артта қалдырып мәре сызыған бірінші болып кесті.

Естеріңізге салайық, бұған дейін отандасымыз Ленцерхайде қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінде екінші орынды иеленген болатын.

Шаңғымен жүгіру. Ерлер. Масс старт. Классикалық әдіс. Әлем кубогының кезеңі. Валь-ди-Фьемме (Италия) .

  1. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 38:40.3
  2. Андрей Ларьков (Ресей) - +0.4
  3. Алекс Харвей (Канада) - +0.9

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер