ESPN журналисі: Головкин-Канело кездесуі нокаутпен аяқталғанын тілеймін
ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль 2018 жылы кәсіпқой бокстағы тілектерін жазды.
Журналист биыл Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі өтіп, кездесу нокаутпен аяқталғанын қалайды.
«5 мамырда Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті көргім келеді. Сондай-ақ, екеуінің бірі нокаутпен жеңсе екен, сол кезде өткен жолдағыдай төрешілерге үміт артпаймыз», - деп жазды Рафаэль.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или