Александр Недовесов «Challenger» турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық «Challenger» турнирінің(ATP Challenger Tour) жартылай финалына жолдама алды.
Ол ширек финалда Чех теннисшісі Зденека Коларадан басым түсті. Есеп: 7:5, 3:6, 7:6. Енді қазақстандық жартылай финалда Неміс Матс Мораингпен кездеседі. Кездесу 6 қаңтар Астана уақыты 11:00 де өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или