Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) жаңа маусымын бастайды

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) жаңа маусымын бастайды

Ақпан айында Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) өзінің сегізінші маусымын бастайды. Осыдан бұрынғы жеті кезекті турнирдің барлығында жүлдеге жеткен «Астана арландары» биыл да бақ сынайтын болады.

Осы жылы турниға 11 команда қатысқалы отыр. Олар: Croatian Knights, France Fighting Roosters, British Lionhearts, Italia Thunder, China Dragons, India, Astana Arlans, Patriot Boxing Team, Colombia Heroicos, Cuba Domadores, Venezuela Caciques командалары.

Биыл аталмыш додаға хорватиялықтар мен Индия командасы алғаш рет қатысқалы отыр. Ал соңғы екі маусым бақ сынаған «Өзбекстан жолбарыстары» турниден тыс қалып отыр.

Барлық қатысушылар бұрынғы ережеге сай Азия, Еуропа, Америка құрлықтары бойынша топқа бөлінеді. Осы доданың үш дүркін чемпионы атанған қазақстандық команда алғашқы кездесуін ақпан айында «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізеді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или