Қазақстан қыздары Сербияда өтетін турнирге барады

Қазақстан қыздары Сербияда өтетін турнирге барады

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Алматы облысында Сербияда өтетін турнирге дайындалуда, деп жазады ҚазАқпарат сайты.

Қазақстан құрамасы 8 қаңтар күні Сербияға аттанатын болады. Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Ләззат Күнгейбаева қатарлы 12 боксшы қызымыз Балқан түбегінде ел намысын қорғайтын болады. Олар Еуропаның ең мықты деген боксшыларымен бақ сынасады. Айта кетерлігі, жарақатына байланысты Валентина Хальзова бұл турнирге қатыса алмайды.

Осы жылы әйелдер арасындағы ұлттық құрамамыз үшін маңызды кездесулер тамыз, қараша айларында өтеді. Тамыз айында Индонезия елінде Азия чемпионаты өтесе, үш айдан кейін Индияда әлем чемпионаты жалауын желбіретінетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или