Қанат Ислам чемпиондық кездесуден бас тартты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) WBA белбеуіне үміткер атану үшін америкалық Джон Верамен(18-0, 11 КО) кездесу өткізу керек болған. Алайда белгісіз себептермен қазақстандық боксшы бұл кездесуді өткізуден бас тартқан екен. Бұл туралы жергілікті басылымдар жарыса жазуда.
Әзірге Қанаттың бұл кездесуден неліктен бас тартқандығы белгісіз.
Естеріңізде болса Қанат пен Джонға кездесуді WBA міндеттеген болатын. Ал бүл кездесуде жеңіске жеткені Эрисланди Лараға (25-2-2, 14 КО) қарсыласы атануы керек болған.
Естеріңізге сала кетейік Қанат Ислам WBA ұйымының жаңартылған рейтингінде бірінші орынды сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или