Головкинді жұдырықтасуға шақырған Сондерс жаттығуды бастады

Головкинді жұдырықтасуға шақырған Сондерс жаттығуды бастады

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қайта жаттыға бастады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

<span>Ұлыбританиялық боксшы жаттығу залында бір айдай болмаған. 16 желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде ол канадалық қарсыласы Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңген. Осыдан кейін Сондерс рингте тұрып, Головкинді жұдырықтасуға шақырған еді. "Егер "сары сапалақ" жұдырықтасқысы келмесе, мен бармын", - деген еді боксшы. Сондерс Головкинге барлық атақтарды тігуді ұсынды. Еске салайық, WBO белбеуі - Головкинге орта салмақтағы абсолют чемпион атануға жетпей тұрған жалғыз атақ.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или