Жаңа Жылдық тосынсый
Kazakh Bet жобасының Жаңа Жылдағы үшінші болжамын назарларыңызға ұсынамыз!
2018-дегі екінші болжамымыз сәтті өтті. Бүгін сіздерге ерекше тосынсыйым бар!
Алдымен Испания Кубогының 1/8 финалдық ойындарына болжам жасаймыз. Леганес пен Вильярреал арасындағы жеңімпазды атау қиын. Соңғы уақытта алаң иелері аутсайдерден кез келген ұжымға тойтарыс беретін азулы командаға айналды. Бүгінгі ойында Леганес ұтылмауы қажет. Дегенмен тәуекелге бармай, +1 фора аламыз.
Каталондық ұжым аутсайдерлерге қарсы, әсіресе, сырт алаңда әлсіз ойын көрсетеді. Бұл енді жалпылама. Барселона жеңіске жетсе де, бізге оның бір голдан көп соққаны жеткілікті.
Эспаньол өз алаңында Левантені қабылдайды. Кубоктық ойын болғандықтан жеңіске қоюға асықпас едім. Алайда Эспаньол өз алаңында Левантеғе есе жібере қоймас. Негізі тартысты ойын болатыны сөзсіз. Сол себепті Эспаньол жанкүйерлерінің алдында гол соғуға міндетті.
| ЛИГА | ОЙЫН | БАСТАЛУЫ | БОЛЖАМ | КОЭФФИЦИЕНТ |
|
Футбол. Испания Кубогы. Плей-офф. 1/8 финал. Бірінші матч. |
Леганес - Вильярреал
|
00:00 | Форамен жеңеді. Леганес (1) | 1.14 |
| Футбол. Испания Кубогы. Плей-офф. 1/8 финал. Бірінші матч. |
Сельта - Барселона
|
00:00 | Жеке тотал. Барселона (1) көп | 1.32 |
| Футбол. Испания Кубогы. Плей-офф. 1/8 финал. Бірінші матч. |
Эспаньол - Леванте
|
02:00 | Жеке тотал. Эспаньол (1) көп | 1.39 |
Екінші экпрессте Испания Кубогы мен Англия Премьер-Лигасын қоса алдым. Реал Мадрид екінші Лигада өнер көрсететін Нумансияны оңай жеңу қажет. Алайда тағы қайталап айтамын, Кубоктық матч болғандықтан жеңіске қоюға кеңес бермес едім. Реал Мадрид екі голды оңай соғады.
Тоттенхэм - Вест Хэм Юнайтед. Бұл матчтың фавориті анық. Тоттенхэм өз алаңында ұпай жоғалтуы екі талай. Бүгін Тоттенхэм кем дегенде бір доп айырмасымен ұтады.
| ЛИГА | ОЙЫН | БАСТАЛУЫ | БОЛЖАМ | КОЭФФИЦИЕНТ |
|
Футбол. Испания Кубогы. Плей-офф. 1/8 финал. Бірінші матч. |
Нумансия - Реал М
|
02:00 | Жеке тотал. Реал М (2) көп | 1.47 |
| Футбол. Англия. Премьер-лига. |
Тоттенхэм - Вест Хэм Юнайтед
|
02:00 | Форамен жеңеді. Тоттенхэм (-1) | 1.41 |
БОНУС
Тосынсый. Шотландия лигасы аясында өтетін Сент-Миррен мен Инвернесс арасындағы матчта алаң иелері жеңіске жетеді. Бұл менің сіздерге деген Жаңа Жылдық сыйлығым деп біліңіздер! Сәттілік
| ЛИГА | ОЙЫН | БАСТАЛУЫ | БОЛЖАМ | КОЭФФИЦИЕНТ |
|
Футбол. Шотландия. Чемпион-лига. |
Сент-Миррен - Инвернесс
|
21:00 | Біріншінің жеңісі | 2 |