Майк Тайсон марихуана өсіруде

Майк Тайсон марихуана өсіруде

Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон АҚШ-тан марихуана өсіру үшін жер сатып алды, деп хабарлайды baq.kz.

«Темір Майк» Калифорниядан жалпы аумағы 16 гектар болатын жер телімін сатып алып, марихуана өсірумен айналысуға бел буды. Аталған штатта 1 қаңтардан бастап емдік мақсатта марихуана өсіруге рұқсат берілген. Со<span>нымен қатар, 2016 жылдың қараша айынан бастап 21 жастан асқан адамдарға емдік мақсатта марихуана тұтынуға, белгілі бір мөлшерде сақтауға рұқсат берілген болатын.</span>

Майк Тайсон сатып алған жерінің тең жартысына марихуананы өңдейтін зауыт салмақ. Бұдан өзге, Тайсонның компаниясы марихуананы емдік мақсатта қалай пайдалануға болатынына қатысты зерттеулер жүргізеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или