Алматыда кәсіпқой бокс кеші басталды
Алматы қаласы «Алматы Арена» алаңында өтіп жатқан бокс кешінде алғашқы болып жұдырықтасқан Жақсылық Қырғызали қарсыласы Френк Хафнерді жеңді.
Кездесу бірінші раундта Жақсылықтың техникалық нокаутымен аяқталды. Бұл оның төртінші жеңісі. Ал қарсыласы он төртінші жеңілісіне ұшырап отыр.
Бүгінгі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық Фируза Шарипова мен белгиялық Джемилла Гонтарюк арасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или