Новак Джокович Mubadala WTC турнирінен шығып қалды
Әлемнің 12-інші ракеткасы Новак Джокович шынтағындағы көне жарақаты жақсармағандықтан Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Mubadala World Tennis Championship турнирінен тыс қалды.
Негізі жоспар бойынша ол бүгін испаниялық Роберто Баутиста-Агуттомен кортқа шығуы керек болатын. Алайда сербиялықтың турнирден бас тартуына байланысты оның қарсыласы Агутто Британиялық теннисші Энди Марреймен кездесті.
Турнирден ең соңғы сәтте шығып қалғанына өкініш білдіретінін Джокович жеке парақшасында жазды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или