Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын Өскеменде өткізеді

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын Өскеменде өткізеді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын 8-21 қаңтар аралығында Өскеменде өткізеді.

Б<span>ұл осымен жаңа маусым алдындағы төртінші оқу-жаттығу жиыны. Бұған дейін ұлттық құрама 9-26 </span><span>қазан, 7-24 қараша аралығында Түркияның Белек қаласында және 7-23 Өскеменде дайындалған еді.</span>

Қаңтардағы оқу-жаттығу жиынының мақсаты – жабық кешендегі Азия чемпионатына дайындық жүргізу. Құрлық біріншілігі 1-3 ақпан аралығында Иран астанасы Тегеран қаласында өтеді. Ал қаңтарда елімізде үш жарыс өтеді. Алдымен Қазақстан кубогы (10-11 қаңтар) одан кейін Қазақстан чемпионаты (15-17 қаңтар) бар. Соңғысы – Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир (20 қаңтар). Үш жарыс та Өскемен қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или