Тсонга Дохада өтетін турнирге бара алмайтын болды
Әлемнің 15-інші ракеткасы Жо-Вильфрид Тсонга білезігін жарақаттап алғандықтан 1-6 қаңтар Дохада өтетін 2018 жылғы Qatar ExxonMobil Open турниріне қатыса алмайтын болды.
Франциялық теннисші 2012 жылы осы турнирдің жеңімпазы атанғанымен, 2017 жылы 1/4 финалдан әрі аса алмады. Осы жолы сол өкінішінің орынын толтырудың мүмкіндігі тағы түспейтін болып отыр.
Оның орынын енді германиялық теннис шебері Седрик-Марсель Штебе басатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или