Олимпиада чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ туралы фильм түсіріліп жатыр
Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ - Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсіріліп жатыр.
<span>«Біздің өндірісте қазіргі уақытта Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм бар. Бұл Олимпиада чемпионына арналған тұңғыш фильм. Біздің мемлекетте чемпиондар туралы бірде-бір кино түсірілмеген. Бұл біз үшін аса қажет», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кинематография туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.</span>
<span>Министр өз сөзінде тың картинаға толығымен бюджет көзінен ақша бөлінетінін мәлім етті.</span>
<span>Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР еркін күрес бойынша чемпионы. Сонымен бірге, ол - Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980).</span>
<span>Еске сала кетсек, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берген болатын.</span>