Criminals
Басқа

Айжан Байзақованың не үшін қамауға алынғаны анықталды

Айжан Байзақованың не үшін қамауға алынғаны анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері тхэквондодан ел чемпионы және Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың неліктен қамауға алынғанын анықталды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Сот өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 17 желтоқсан күні Алматы қаласында Айжан Байзақова Сейфуллин 59-үй мекенжайында орналасқан түнгі клубта мекеме қонақтарының алдында, яғни қоғамдық орында боқтық сөз сөйлеген. Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаларды мазалаған. Оның үстінде ол қыздар арасында шешіндіру үшін конкурс өткізіп, бұл шарада жүргізуші болған. Сот отырысында Байзақова өз кінәсін толықтай мойындағаны да айтылады.

Еске салайық, мұның алдында полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.

«Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды», - деді Алматы ІІД өкілдері.

Қыз бала өз кінәсіне өкініш білдірген. Оны сот залында қамауға алынды. Әкімшілік қамау бойынша блогер жазасын Лобачевский көшесінде орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде өтейтін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер