Батыржан Жүкембаев: Белбеу үшін таласатын күн алыс емес
<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыржан Жүкембаев «Егемен» газетіне берген сұқбатында қашан титулдық жекпе-жек өткізетінін айтты.</span>
– Әлемдік boxrec.com сайтында өз салмағың бойынша (63,5 келі) қазақ боксшылары арасында бірінші, әлем боксшылары арасында ТОП-50 боксшының қатарына ендің. Құрлықтық белбеулерге (wba, naba, wbo-nabo, intercontinental) шығуға қаншалықты мүмкіндік бар?
<span> – Құдай қаласа, келесі жылдан бастап қай тұжырым бойынша белбеулерге шығатыным белгілі болады. Асығыстық жасаудың қажеті жоқ. Жақында ғана бұл туралы промоутеріммен сөйлесіп, ақылдасқан болатынбыз. Белбеу үшін жекпе-жек өткізетін күннің ауылы алыс емес.</span>
<span>Айта кетейік, </span>Жамбыл облысының тумасы бүгінге дейін 11 кездесу өткізіп, тоғыз жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, екеуін ұпай саны бойынша ұтты. Жуырда Батыржан Канадада Давид Лемье мен Билли Джо Сондерстің андеркартында шаршы алаңға шығып, америкалық Уилберт Лопесті ұпай саны бойынша жеңді.