Алатау баурайында биатлоннан жарыс өтті

Алатау баурайында биатлоннан жарыс өтті

Алматы облысындағы «Алатау» спорт кешенінде Қазақстанның Төртінші қысқы спартакиадасы өтіп жатыр.

<span>Жарыс биатлоншылар бәсекесімен басталды. Еліміздің 9 аймағынан келген 125 үміткер алдымен аралас эстафетада бақ сынады. Қысқы спорт түрлерінің ішіндегі ең қызығы әрі ең қиыны биатлон. Мылтық асынып шаңғымен жүгіру былай тұрсын, ентігіп тұрып нысанаға дөп тигізу екінің бірінің қолынан келмейді. </span>

<span>Ауа райы да кейде спортшылардың ыңғайына сай келе бермейді. Мәселен, спартакиаданың алғашқы күні Алатау бөктерінде қалың тұман түсіп, қыз-жігіттердің еркін көсілуіне мүмкіндік бермеді. Дегенмен, Олимпиада қарсаңында топ жаруды мақсат тұтқан спортшылар аянып қалған жоқ. </span>

<span>Бапкерлер сөзіне сенсек, биатлоншы қыз-жігіттер Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға дайын. Енді Қазақстан құрамасы Италия мен Германияда өтетін әлем кубогының кезеңдерінде бақ сынайды. Төртжылдықтың басты додадасында ел намысын кімдер қорғайтыны қаңтар айының соңында белгілі болады.  <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или