«Астана» қаңтарда «Спартак», «Краснодар» және «Жилина» командаларымен кездеседі

«Астана» қаңтарда «Спартак», «Краснодар» және «Жилина» командаларымен кездеседі

Осыған дейін «Астана» командасының 10-30 қаңтар аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізетінін жазған едік. Енді сол аралықта елордалықтардың кімдермен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болып отыр.

Клубтың ресми сайтында, «Астана» ресейлік «Спартак», «Краснодар» командаларымен және словакиялық «Жилинамен» жолдастық кездесу өткізетіні көрсетілген.

Ойын кестесі төмендегідей:

22.01 «Астана» - «Спартак» (Ресей)<br />26.01 «Астана» - «Краснодар» (Ресей)<br />29.01 «Астана» - «Жилина» (Словакия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или