Головкин - Альварес кездесуі «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткер
The Ring журналы 2017 жылды ең үздік жекпе-жегі атағына лайық бокс кездесуін саралауда. Ұйымдастырушылар кездесудің тартымдылығына, жанкүйер жинауына және маңыздылығына мән беріп отырған көрінеді.
Осы атаққа басты үміткерлердің қатарында 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Генадий Головкин (37-0-1, 33 КО) және Саул Альварес (49-1-2, 34 КО) кездесуі де бар. Қазақстандық пен мексикалықтың бес бірдей белдікті сарапқа салған жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған болатын.
«Жылдың үздік жекпе-жегі» атағын жеңіп алуға мына кездесулер де үміткер: Энтони Джошуа - Владимир Кличко, Висаксил Вангек - Роман Гонсалес, Мигель Берчельт - Франсиско Варгас және Мигель Роман - Орландо Салидо.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или