Елордада киокушинкай кан каратэден халықаралық турнир басталды
Киокушинкай кан каратэден «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі басталды6 деп хабарлайд елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Орталықтың хабарлауынша, турнир Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған. Жарысқа Қазақстанның өңірлерінен және жақын шетелдерден 500-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Турнир қатысушылары үш негізгі ереже бойынша шеберлігін көрсетеді. Ол сейкен, шуто, хидзи және какакао техникалары бойынша орындалатын кумитэ, ката және тамашэвари түрлері.
Спортшылар 8 жастан 18 жасқа дейінгі және үлкен жас санатында, сонымен бірге 25 келіден 80+ салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Киокушинкай кан каратэдан «Kazakhstan Open» халықаралық турнирінің жеңімпаздары дипломдар мен медальдармен марапатталды. Ал үздік спортшылар «Жеңіске деген жігері үшін» және «Үздік техникасы үшін» аталымына ұсынылады.
Спорттық жарыстар «Дәулет» спорт кешенінде желтоқсанның 23 және 24 күндері өтеді.