Жеңіл атлетика

«Astana Winter Marathon 2017»: Кімдер қатысады?

news-banner7
mobile-news-top

24 желтоқсан күні Астанадағы триатлон саябағында алғаш рет қысқы марафон өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, алғашында 300 адам жүгіреді деп жоспарлаған екен. Алайда тілек білдірушілердің саны бұдан көп болған. Енді ертең 400 адам «Astana Winter Marathon» марафонына қатыспақшы. Тіркелгендердің көбісі 10 шақырымды таңдаған (207 адам). Жартылай марафонға 144 адам жүгірсе, толық марафонға 49 адам бақ сынамақ.

Жарыс алдында қатысушыларды ширатып алуға арналған жаттығу болады. жүгіру кезінде марфоншылар ыстық тамақ және сусынмен қамтамасыз етіледі.

Марафонға еліміздің саяси элитасында жүрген Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев, Бағдат Мусин және бизнесмен Айдын Рахымбаевтар қатысады.

Осы жарысты өткізуге ықылас танытқан «Marat#ON» жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаев болса, негізгі қолдаушы –ҚР Жеңіл атлетика федерациясы.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер