Фируза Шарипова салмағын өлшетті

Фируза Шарипова салмағын өлшетті

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипова Алматыда өтетін кездесуінен бір апта бұрын салмағын өлшетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) талаптарына сай кездесуге бір апта қалғанда салмақ өлшеніп, қажетті шектен асып кетпегені анықталу керек. Фируза екінші жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ал бұл салмақтың шегі 58,967кг. Боксшының салмағы осы көрсеткіштің 5%-ынан асып кетпесе болғаны. <br />Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша Шарипова 61,7 килограмм тартқан. Демек, бәрі талапқа сай деген сөз. Алдағы бір аптада алаңсыз жекпе-жекке дайындала беруіне болады.

Естеріңізде болса, бұл кездесу 30 желтоқсан Almaty Arena алаңында өтеді. Қарсыласы бельгиялық Джемилла Гентарюк.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или