«Надаль ағай» өз інісінің Федерерден асатынына сенімді

«Надаль ағай» өз інісінің Федерерден асатынына сенімді

Атақты теннисші Рафаэль Надальдің ұстазы әрі немере ағасы Тони Надаль өз шәкіртінің Роджер Федерерді басып оза алатынына сенімді екенін мәлімдеген. Бұл туралы Испанияның «ABC» басылымы хабарлап отыр.

Теннис әлемінің қос мықтысы Федерер мен Надаль биыл қайтадан өз баптарына енді. Жыл қортындысы бойынша екеуі ұтқан ірі жүлдерлер саны 13 ке жетіп отыр. Оның төртеуі «үлкен дулыға» титулы.

Испаниялық теннисші жыл рейтингісінде швейцариялық қарсыласын басып озып бірінші орынды иеленді. Бірақ екеуі ара өткен үш финалда Федерер жеңіске жетті. Оның бірі Аустралияның ашық чемпионаты.

Осы уақытқа дейінгі жалпы есепте Роджер Федерерде 19 үлкен дулыға жүлдесі бар. Ал Рафаэль Надальда бұл көрсеткіш 16. Демек басты қарсыласын басып озу үшін кем дегенде әлі төрт «үлкен дулыға» жеңіп алу керек.

Бірақ швейцариялықтың жасы 36 да, ал Надаль 31 жаста. Демек «Надаль ағайдың» өз інісіне артқан сенімі ақталуы әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или