Шахрам Гиясов кәсіпқой боксқа ауысты
Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем және Азия чемпионы өзбекстандық Шахрам Гиясов кәсіпқой боксқа ауысты.
Бұл жайлы өзбекстандық басылымдар хабарлады. Спорттағы мансабын жалғастыру үшін Гиясов Америка құрама штаттарына аттанды.

Айта кететін жайт, Шахрам Гиясов әуесқой бокста «қазақ салмағы» аталып кеткен 69 келіде өнер көрсетіп, бірнеше жыл бойы қазақстандық боксшыларға бәсекелес болды.
Естеріңізге салайық, Шахрам Гиясов Рио Олимпиадасында Данияр Елеусіновке ұтылып, күміс медальды қанағат тұтса, соңғы Азия және әлем чемпионаттарында топ жарған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или