Бауыржан Жолшиев: «Ордабасыға» ауыспаймын
Бүгін отандық БАҚ беттерінде қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиев «Ордабасымен» бірге оқу-жаттығу жиынын өткізетіні туралы ақпарат пайда болды.
Бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтау үшін алдымен шымкенттік ұжымның баспасөз қызметіне хабарласқан болатынбыз. «Ордабасының» клубының ресми өкілі бұл сұраққа қатысты нақты жауап бермеді:
<span>- Бұл ақпарат жайлы мен ештеңе айта алмаймын. Қазір бәрі демалыста. Ертең жұмысқа қайта кірісеміз. Сол кезде бұл жайында нақты ақпарат шығады, - деп жауап қайтарды Ихсан Кадыров.</span>
<span>Артынша футболшының өзіне қоңырау шалдық. «Астананың» бұрынғы футболшысы қысқа да нұсқа жауап берді. </span>
<span>- Қайырлы күн! Бұл шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат. «Ордабасыға» ауыспаймын, - деді Бауыржан Жолшиев ProSports сайтының тілшісіне. Осыған қарағанда Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысының үлкен футболға қайта оралатын ойы жоқ.</span>
<span>Айта кетейік, оңтүстікқазақстандық ұжым қаңтар айында Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Бауыржан Жолшиев соңғы кездесуін 2015 жылы 9 желтоқсан айының күні түркиялық «Галатасарайға» қарсы өткізген.</span>