«Ордабасы» баспасөз қызметі: Жолшиев жайлы әзірге ештеңе айта алмаймыз
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиев үлкен футболға қайта оралмақ. «Астананың» бұрынғы футболшысы келер маусымға дайындықты шымкенттік «Ордабасының» сапында бастайды.

Осыған байланысты «Ордабасы» клубының баспасөз қызметкері Ихсан Кадыровқа хабарласқан болатынбыз.

- Бүгін отандық БАҚ беттерінде қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиев «Ордабасымен» бірге оқу-жаттығу жиынын өткізетіні туралы ақпарат пайда болды. Бұл қаншалықты рас?

- Бұл ақпарат жайлы мен ештеңе айта алмаймын. Қазір бәрі демалыста. Ертең жұмысқа қайта кірісеміз. Сол кезде бұл жайында нақты ақпарат шығады, - деп жауап қайтарды Ихсан Кадыров.
«Ордабасының» клубының ресми өкілінің бұл сұраққа қатысты нақты жауап бермегеніне қарағанда Бауыржанның шымкенттік ұжыммен бірге ОЖЖ өткізетіні рас секілді.

Айта кетейік, оңтүстікқазақстандық ұжым қаңтар айында Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Бауыржан Жолшиев соңғы кездесуін 2015 жылы 9 желтоқсан айының күні түркиялық «Галатасарайға» қарсы өткізген.