Эрик Гомес: Біз Сондерс жайлы ойламаймыз, көздегеніміз — Головкин
Канадалық Давид Лемьені жеңген соң WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған болатын.
Алайды <span>Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гомес Альваресті Сондерс қызықтырмайтындығын айтты. Олардың басты көздегені қазақстандық Головкин. </span>
«Біз Сондерс жайлы мүлдем ойламаймыз. Себебі біздің басты мақсатымыз — Головкинмен екінші кездесу», — деді Гомес LA Times берген сұхбатында.
Естеріңізге салсақ, Головкин-Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамырға жоспарланған. Қос мықты арасындағы алғашқы кездесуде тең есеп тіркелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или