Геннадий Головкин үздік деп танылды
Британдық WorldBoxingNews.net сайтының Twitter парақшасында жүргізілген, 2017 жылдың үздік боксшысын анықтауды мақсат еткен сауалнамасы аяқталды.
Бокс жанкүйерлерінің дауыс беру нәтижесінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жыл үздігі деп танылды. 37% оқырман Отандасымызды үздік деп таныған екен. Ал екінші орынды украиналық Василий Ломаченко иеленіпті. Оның еншісінде 24% дауыс. Қазан айында Жанат Жақияновты жеңген британиялық боксшы Райан Барнетт 12% жанкүйердің қолдауына ие болып үздік үштікті қортындылап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или