Елордада жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтіп жатыр

Елордада жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтіп жатыр

Тәуелсіздік мерекесі мен Алаш үкіметінің 100 жылдығына орай Астанада бокстан республикалық ашық турнир өтіп жатыр.

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасына еліміздің барлық өңірі мен Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан да боксшылар келген. Ұзын саны 180 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтауда.

<span> – Бүгін турнирдің жартылай финалы өтіп жатыр. Рингке 28 жұп шығады. Біздің құрамамыз жақсы өнер көрсетуде. Астана, Алматы қалаларының спортшылары мықты. Ресейліктер де осал емес, - дейді </span><span>жарыстың бас төрешісі Қанат Сихымбаев.</span>

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасына еліміздің барлық өңірі мен Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан да боксшылар келген. Ұзын саны 180 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтауда. 

<span>– Мен өзім 34 келі салмақ дәрежесінде бокстасамын. Жарыс жақсы өтуде. Бізден жартылай финалға 5 бала өтті, финалға да барлығы өтеді деген ойдамын, - деді Шығыс Қазақстан облысы атынан жарысқа қатысушы Нұрсұлтан Атамбеков.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или