Брук: Сондерс Головкин үшін қауіпті қарсылас
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альвареске британиялық Билли Джо Сондерстен алыс жүруге кеңес берді.
<span>«Сондерсті не күтіп тұр? Ол не Альвареспен, не Головкинмен жекпе-жек өткізеді. Қазір Сондерс екеуімен бір деңгейде. Соңғы жекпе-жегінде оған қарсыласының бір соққысы да дарыған жоқ. Альварес не Головкиннің орнында болсам Сондерспен кездесуден аулақ болатын едім. Өйткені ол солақай, айлакер, иегі мықты. Ол кез келген боксшыға қиындық туғызады</span><span>», — деп келтіреді Келл Бруктың сөзін Boxing News 24 сайты.</span>
<span>Айта кетейік, британиялық бокшсы Келл Брук 2016 жылдың 10 қыркүйек күні Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізіп, бесінші раундта жеңіліп қалған. </span>